Тікелей эфир

Студенттер тұратын хостелдерге қойылатын талаптар күшейеді

Хостелдің санитарлық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарға сәйкестігі іріктеу байқауы кезінде басты назарға алынады.

Қазақстанда студенттер жалдап тұратын хостелдерге санитарлық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптары тұрғысынан қойылатын талаптар күшейеді

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, студенттер тұратын хостелдер әрқашан санитарлық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келе бермейді. Оның үстіне, студенттер өз бетінше жатақханаға орналасқан жағдайда колледждер мен білім басқармасы тарапынан бақылау болмайды.

Министрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларындағы 26 колледжде (18 жекеменшік, 8 мемлекеттік) білім алатын 990 студент 14 жатақханада тұрады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы хостел бизнесі: Саны, ақысы және оларға қойылатын талаптар қандай?


Астана қаласының тәжірибесі көрсеткендей, студенттерді хостелге орналастыру үшін колледждер қауіпсіздік нормаларының талаптарын ескере отырып, студенттердің уақытша тұруы үшін хостелдерге арнайы тұрғын бөлмелері бар үй-жайларды іріктеу үшін конкурс өткізеді.

"Осыған байланысты, хостелдер мен қонақүйлерде тұратын студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледждер іріктеу кезінде хостелдерге қойылатын талаптарды күшейту ұсынылады", – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында. 

Еске салайық, 2023 жылы қарашада Алматыда хостелде болған өрт кезінде 13 адам қайтыс болса, олардың екеуі – студенттер. 


Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек: Алматы хостеліндегі өрт салдарынан 2 студентімізден айырылып қалдық


 

Серіктестер жаңалықтары