Астанада сот Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
56 жастағы Ержан Бабақұмаровтың қаза болғаны 2025 жылдың қазан айында белгілі болды. Ол төбелес кезінде алған жарақаттан көз жұмған. 2026 жылғы 12 қаңтарда іс сотқа түсті, ал үкім 20 ақпанда шығарылды.
"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.
Іс жабық режимде қаралғанын айта кетейік.
Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін президенттің кеңесшісі, Президент әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
USD:
460.9 / 463.7
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
6.01 / 6.13

