Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза болды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Күдікті ұсталды.

Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза тапты.

Бұл ақпаратты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды", – делінген хабарламада.

Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз