"Сорақы жағдай". Денсаулық министрі ана өлімі жоғары өңірлерді атады

Осыған байланысты ғылыми орталықтың басшысы қызметінен босатылған.

Аналар өлімінің құрылымын сараласақ, 73 пайыз жағдай – басқарылатын, яғни әрекет-амал жасауға болатын себептер, 27 пайызында ғана ауыр соматикалық аурулар себеп болған, деп мәлімдеді Денсаулық министрі Ажар Ғиният. 

​Министр Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында ана өлімі бойынша жағдай нашар екенін атап өтті.

Сонымен қатар биыл Акушерлік, гинеокология және перинатология ғылыми орталығында үш рет ана өліміне жол берілгенін "сорақы жағдай" деп атады. Министрдің айтуынша, сарапшылар барлық жағдайда да диагностика кеш жасалғанын, қауіп-қатер мен емдеу тактикасы дұрыс бағаланбағанын анықтаған. Салдарынан адам өмірі үшін маңызды ағза мүшелері өзгеріске ұшырап, соңы өліммен аяқталған. Осыған байланысты ғылыми орталықтың басшысы қызметінен босатылған.


Оқи отырыңыз: "Аузымнан көбік ақты". Фельдшер демікпесі бар әйелге басқа укол салып жіберген


Ажар Ғиният амбулатория мен стационар деңгейінде науқастың жай-күйін жете бағаламау, медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықтың жоқтығы салдарынан пациентті өлтіріп алған жағдайлар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында да орын алғанын айтты.

​"Әріптестер, мұндай сорақы жайттар бүкіл өңірдегі жұмысты жоққа шығарады, әрі денсаулық сақтау саласына нұқсан келтіреді", – деп ескертті ведомство басшысы.


Оқи отырыңыз: "Баланың өңешінде мақтаны ұмыт қалдырған". Дәрігер салғырттығын анықтау мүмкін бе?


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары