Оқиғадан соң фельдшер жұмыстан шығарылған.
Жетісу облысында жедел жәрдем қызметкері демікпе дертіне шалдыққан әйелге, қан қысымын көтеретін уколды шатастырып салып жіберген, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
20 тамыз күні 39 жастағы Светлана Қойшыбаева дем жетіспей, тынысы тарылған соң жедел жәрдем шақыртқан. Келген фельдшер астмаға ем болатын уколдың орнына, қан қысымын көтеретін ерітіндіні салып жіберген. Айтуынша, қан қысымы бірден 160-қа дейін көтеріліп, аузынан көбік аққан.
"Мен бронхиалды астманың ауыр түрімен 6 жылдан бері ауырамын. Оған қоса гипертония диагнозы қойылған. Дем жетпей, жүрегім қысылып әрең отырғанымда маған қан қысымын көтеретін укол салып жіберді. Демікпем аздай, енді қан қысымым қайта-қайта көтеріліп, арнайы аппараттың көмегімен ғана тыныстап отырмын", – дейді Ескелді ауданының тұрғыны Светлана Қойшыбаева.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі жақындағанда бағдаршамның жасыл шамы жанады
Светлана Қойшыбаева оқиғадан соң көзінің көруі күрт нашарлап, қан қысымы жиі көтеріле беретінін айтады. Айтуынша, оған дем жетіспегенде салынатын эуфиллиннің орнына, қан қысымын көтеретін допамин ерітіндісін салып жіберген. Деректі Жетісу облыстық жедел жәрдем станциясының директоры да растап отыр.
"Фельдшердің айтуынша, сол күні науқастың үйі қараңғы болған. Сол себепті, жедел жәрдемнің арнайы қорабында қатарынан тұрған эуфиллин мен допаминді шатастырып алған. Мұндай қателікке жол берген фельдшердің негізгі еңбек өтілі – 20 жыл. Қазір ол жұмыстан шығарылды", – деді облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Савелий Пак.
Қазір жедел жәрдем басшылығы екі сағат сайын мамандарды науқастың үйіне жіберіп, денсаулығын қадағалап отыруға дайын екенін айтады. Алайда Светлана Қойшыбаева олармен сөйлеспей отырған көрінеді.
Оқи отырыңыз: "Баланың өңешінде мақтаны ұмыт қалдырған". Дәрігер салғырттығын анықтау мүмкін бе?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
250
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
258
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
239
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
249
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
265
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
251
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
255
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
254
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
226
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
227
-
1
-
5
-