Соңғы 7 жылда әлемде обадан қанша адам қайтыс болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Науқастардың көбі Конго демократиялық республикасы мен Мадагаскарда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, 2019-2025 жылдары 10 елде обамен ауырған адамдардың дерегі тіркелсе, арнайы тексеруден кейін 6 елдегі мәліметтер расталған. 

Осы жеті жыл ішінде 3847 адамға "оба жұқтырды" деген диагноз қойылса, олардың 423-і осы сырқаттан көз жұмған. Сәйкесінше, науқастардың өлім көрсеткіші 11 пайызға тең. 

Науқастардың басым бөлігі әлі күнге дейін обаның ошақтарына ие Конго демократиялық республикасы мен Мадагаскарда тіркелген.

Еске салайық, демалыс күндері ресейлік БАҚ Иркутск облысында обаға қарсы күрес институтының 28 жастағы қызметкері Дарья Шипилова оба жұқтырып қайтыс болды деген ақпарат таратты. БАҚ жазуы бойынша, ол қауіпті оба қоздырғышы бар пробирканы сындырып алу кезінде оба жұқтырған болуы мүмкін. 

Дегенмен, ресми билік бұл ақпаратты растаған жоқ. Дарья Шипилованың ресми диагнозы – пневмония. Дегенмен, Иркутск облысындағы обаға қарсы күрес клиникасында тексерулер әлі жалғасып жатыр. 

Осы жағдайдан кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысында обаның таралу қаупі туындады деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

"Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу сипатындағы қажетті шаралар қабылданды. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Көліктің барлық түрлерінде дене қызуы жоғарылаған, ауру белгілері немесе аса қауіпті инфекцияға күдігі бар адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша, инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр. Жағдайға баға беру және қабылданып жатқан шаралар ресми ақпараттың түсуіне қарай нақтыланады", – делінген Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау