Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі оба қаупі туралы мәлімдеме жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазірге дейін диагноз әлі расталмаған.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысында обаның таралу қаупі туындады деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Әзірге белгілі ақпаратқа сәйкес, Ресейде эпидемиолог мамандар әлі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Диагноз нақты расталмаған, дегенмен, қайтыс болған Дарья Шипиловамен байланыста болған 197 адам медициналық бақылауға алынған. Зертханалық тексеру нәтижелері олардың бойынан оба қоздырғышын таппаған. Ал Дарья Шипиловаға этиологиясы анықталмаған пневмония диагнозы қойылған. 

"Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу сипатындағы қажетті шаралар қабылданды. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Көліктің барлық түрлерінде дене қызуы жоғарылаған, ауру белгілері немесе аса қауіпті инфекцияға күдігі бар адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша, инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр. Жағдайға баға беру және қабылданып жатқан шаралар ресми ақпараттың түсуіне қарай нақтыланады", – делінген Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау