29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Тексеру қорытындысы бойынша 81 санитариялық нұсқама берілді.

Денсаулық сақтау министрлігі 82 босандыру ұйымын тексерді. Олардың қатарында 35 перинаталдық орталық пен 47 босандыру бөлімі бар. Соның ішінде 29 медициналық ұйымда дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылғаны анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мамандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде стерилизациялау және дезинфекциялау жұмыстарын, желдету және сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін, инфекцияларды уақтылы анықтауды және инфекциялық бақылау қызметтерін тексерген. Сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізілді. 

Тексеру қорытындысы бойынша 81 санитариялық нұсқама беріліп, қауіптерді шұғыл жоюды талап ететін фактілер бойынша нақты шаралар қабылданды.

"Біздің міндетіміз – тек бұзушылықты тіркеп, нұсқама беру емес. Бір айдан кейін біз қайта келіп, нақты нәтижені көруіміз керек. Егер ескерту анықталса, ол жойылуы тиіс. Пациенттің қауіпсіздігі есептермен емес, медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайларымен расталуы керек", – деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.


Вице-министр өңірлердегі денсаулық сақтау басқармасына босандыру ұйымдарының санитариялық-техникалық жағдайын белгіленген талаптарға сәйкестендіруді тапсырды. Сонымен қатар инфекциялық бақылау қызметтерін кадрмен қамтамасыз етуді, инфекциялардың алдын алу бағдарламасын өзектендіруді және медицина ұйымы басшыларының жеке жауапкершілігін арттыруды тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау