Бұл үшін кәсіпкер отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуы тиіс.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Nur Otan партиясы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі "Еңбек" бағдарламасы аясында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару кезінде туындайтын мәселелер талқыланғанын хабарлады. Отырыста Парламент депутаттары, құзырлы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар бірқатар маңызды ұсыныстар айтқан.
Мәселен, көшіп барушылардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы бойынша жұмыс атқарғысы келетіндіктен, логистикасы дамыған елдімекендерден жылыжайлар мен мал бордақылау алаңдарын салу үшін оңтүстіктің кәсіпкерлеріне пайызы төмен, жеңілдетілген несиелер, субсидиялар, гранттар берілуі қажет. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптары сақталған жағдайда, жастарды, оның ішінде некеде тұрғандарды баланстық құнның қалдық құнымен 5 жыл өткеннен кейін жекешелендіру құқығымен пәтерді жалға беру ұсынылды.
Оқи отырыңыз: Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандардың 30 пайызы – Түркістан облысының азаматтары
"Солтүстік пен шығыстағы ауылдарды көріп, жағдайымен танысып қайту үшін азаматтарға бір реттік жолақы қаржы қарастыру керек. Қазір бұл мәселе демеушілер арқылы шешілуде. Оңтүстік өңірдегі ірі кәсіпкерлер мен іскер азаматтарға солтүстіктен шаруашылық мақсаттағы жерді жалға беру ісін жандандыру қажет. Егер бір кәсіпкер 10-20 отбасыны көшіріп, оларды жұмыспен қамтыса, мемлекеттік қолдаулар көрсетілуі тиіс", – делінген Мәжіліс депутатының әлеуметтік желідегі жазбасында.
Сонымен бірге, ішкі көші-қонды үйлестіруге арналған тікелей желі, республикалық сайт ашып, барлық мәліметтерді бір базаға жинақтау керек. Әрбір көшуге ниетті адам өз үйінде отырып, сол сайт арқылы бос жұмыс орындары, ауылдар, ондағы инфрақұрылым және өзге де мәліметтерді біліп отыруына жағдай жасалуы тиіс.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-