Мамандар су қабылдағыш станцияны лай массалары мен тау жыныстарынан тазартып жатыр.
"Шымбұлақ" тау курорты 24 шілдеде санитария күніне орай жабық болады. Оған қоса бұған Шағын Алматы өзеніндегі табиғи апат та әсер еткен. Бұл туралы курорттың әкімшілігі хабарлады.
"21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагері аймағында Шағын Алматы өзеніндегі табиғи апат – жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің қирауына және су тарту жүйесінің істен шығуына әкелген сел өтті. Соның салдарынан Шымбұлаққа су беру тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Мамандар су қабылдағыш станцияны лай массалары мен тау жыныстарынан тазартып жатыр.
Курорттың әкімшілігі осы мәселелер шешілгеннен кейін қонақтарды қайта күтетінін жазды.