Аптасына 2 рет: SCAT Ақтаудан Ереванға тікелей әуе рейсін іске қосады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Рейстер аптасына екі рет орындалады.

SCAT Airlines әуе компаниясы Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстердің іске қосылатынын хабарлады.

Компания мәліметінше, рейстер 18 сәуірден бастап аптасына екі рет орындалады. Жаңа бағыт Қазақстан мен Армения арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін сапарды анағұрлым ыңғайлы етеді.

Бұған дейін SCAT Airlines 2 маусымнан бастап Астана – Ұланбатыр – Астана бағыты бойынша жаңа рейс ашылатынын мәлімдеген болатын. Бұл рейстер де аптасына екі рет орындалып, қазақстандықтарға Моңғолия бағытына тікелей ұшуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әуе компаниясы 2026 жылғы жазғы маусымға арналған Қазақстан ішіндегі субсидияланатын рейстерді іске қосатынын хабарлады.

Тасымалдау шарттарына сәйкес:

  • багаж – 20 кг;
  • қол жүгі – 5 кг;
  • артық жүк үшін төлем – әр килограмына 150 теңге.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз