USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Астана мен Ұлан-Батор арасында тікелей жаңа әуе рейсі ашылады

Фото: SCAT Airlines
Фото: SCAT Airlines
Жолаушыларды отандық SCAT Airlines әуе компаниясы тасымалдайды.

SCAT әуе компаниясы Астана мен Моңғолияның астанасы Ұлан-Батор арасында тікелей әуе рейсінің ашылатынын хабарлады. Компания алғашқы жолаушыларын 2 маусымда тасымалдайды. 

Дегенмен, билеттерді қазірдің өзінде scat.kz сайтында және әуе билеттерін сататын кез келген ресурста сатып алуға болады. 

Компанияның мәлімдеуінше, рейс кестесін жасақтауда туризм мен іскерлік бағыттардың қажеттіліктері ескерілген. 

Ұшу кестесі:

  • Астана (NQZ) – Ұлан-Батор (UBN) – сейсенбі және жұма күндері;
  • Ұлан-Батор (UBN) – Астана (NQZ) – сәрсенбі және сенбі күндері. 

"Астана – Ұлан-Батор бағытының ашылуы – SCAT әуекомпаниясының халықаралық маршруттық желісін кеңейтудегі және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе қатынасын дамытудағы маңызды қадам. Қазақстандық жолаушылар үшін бұл Азияның жаңа, жарқын әрі бірегей бағытын жылдам әрі ыңғайлы түрде ашуға мүмкіндік. Ал Моңғолиядан келетін жолаушылар үшін Астана Қазақстан ішінде және одан тыс бағыттарға әрі қарай ұшуға қолайлы транзиттік торапқа айналады. Жаңа маршруттың іске қосылуы SCAT Airlines-тің транзиттік әлеуетін арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және халықаралық сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді етеді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз