
Отандық әуе компаниялары Наурыз айындағы мереке күндері әуе рейстерінің санын едәуір ұлғайтады, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Air Astana әуе компаниясы қосымша 55 рейс орындайды. Iшкі бағыттар бойынша:
- Астана – Алматы + 8 рейс;
- Атырау – Астана + 6 рейс;
- Атырау – Алматы + 3 рейс;
- Алматы – Шымкент +2 рейс;
- Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
- Алматы – Ақтау + 1 рейс;
- Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;
- Алматы – Өскемен + 1 рейс;
- Астана – Ақтөбе + 1 рейс;
- Астана – Орал + 1 рейс;
- Астана – Қостанай + 1 рейс.
Халықаралық бағыттар бойынша:
- Алматы – Сеул + 4 рейс;
- Алматы – Ыстанбұл + 4 рейс;
- Астана – Ыстанбұл + 4 рейс;
- Алматы – Мале + 4 рейс;
- Алматы – Бейжің + 2 рейс;
- Астана – Сеул + 2 рейс;
- Алматы – Тбилиси + 1 рейс;
- Астана – Пхукет + 1 рейс;
- Астана – Фукуок + 1 рейс;
- Алматы – Лондон + 1 рейс;
- Алматы – Душанбе + 1 рейс;
- Алматы – Баку + 1 рейс;
- Алматы – Камрань + 1 рейс;
- Алматы – Гуанчжоу + 1 рейс.
Оқи отырыңыз: Qazaq Air 1 мамырдан бастап Астанадан Самарқандқа жолаушы тасымалдайды
SCAT әуе компаниясы 32 рейс қосады:
- Астана – Алматы + 16 рейс;
- Астана – Шымкент + 8 рейс;
- Алматы – Шымкент + 8 рейс.
FlyArystan әуе компаниясы 33 рейсті іске қосады:
- Астана – Алматы + 11 рейс;
- Астана – Орал +4 рейс;
- Алматы – Шымкент + 3 рейс;
- Алматы – Қарағанды +2 рейс;
- Алматы – Қызылорда +2 рейс;
- Астана – Шымкент +2 рейс;
- Астана – Түркістан +2 рейс;
- Алматы – Қостанай +1 рейс;
- Алматы – Семей + 1 рейс;
- Алматы – Павлодар +1 рейс;
- Алматы – Орал +1 рейс;
- Астана – Қызылорда +1 рейс;
- Астана – Ақтау +1 рейс;
- Астана – Өскемен +1 рейс.
"Әуе билеттерін тасымалдаушылардың ресми сайттарынан сатып алуға болады. Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді, билет бағасы қалыпты деңгейде қала бермек. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін (билетті ұшу күніне тақап алу және т.б.)", – делінген көлік министрлігінің хабарламасында.