USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Сәуірден бастап "Астана – Талдықорған" бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасы ашылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Пойыз қозғалысын іске қосу биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған.

ҚР Көлік министрлігі "Астана – Талдықорған" бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасы іске қосылатынын хабарлады.

Жаңа бағыт ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі мен ұлттық тасымалдаушы – "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың көптеп түскен өтініштері негізінде жүзеге асырылып отыр.

Министрліктің мәліметінше, бұл жоба Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысын қанағаттандыруға және елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз әрі тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар № 122/121 "Нұрлы жол – Семей" пойызының құрамында күн ара қатынайтын болады. Ақтоғай станциясында бұл вагондар № 631/632 "Ақтоғай – Талдықорған" пойызына қайта тіркеліп, жолаушыларға бүкіл бағыт бойынша үздіксіз әрі ыңғайлы қатынас қамтамасыз етіледі.

Көлік министрлігі бұл формат бастапқы кезең екенін атап өтті. Тұрақты жолаушылар ағыны қалыптасқан жағдайда, вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен арттырылады.

Жаңа теміржол бағыты:

  • өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайтуға;
  • тұрғындардың қозғалыс мүмкіндігін арттыруға;
  • ішкі туризм мен іскерлік белсенділікті дамытуға;
  • Жетісу облысының туристік тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.

Пойыз қозғалысын іске қосу биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған. Бұл шара Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуымен тұспа-тұс келеді. Жаңартылған вокзал инфрақұрылымы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын, жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруды көздейді.

Көлік министрлігі мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жолаушылар тасымалының маршруттық желісін кеңейту, жылжымалы құрамды жаңғырту және көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз