USD: 490.5 / 493.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Сәуірде әлемде жолаушылар тасымалына сұраныс төмендеді – IATA

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дегенмен, жүк тасымалының көлемі артқан.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы2026 жылдың сәуір айындағы әлемдік авиация нарығының көрсеткіштерін жариялады. Есепке сәйкес, жолаушылар тасымалына сұраныс төмендегенімен, әуе жүк тасымалы оң өсімді сақтап қалды.

Жолаушылар тасымалының қарқыны бәсеңдеді. IATA мәліметінше, 2026 жылдың сәуірінде жолаушылар ағынының көлемі (RPK) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға төмендеген. Алайда Таяу Шығыс елдерін есепке алмағанда, сұраныс 1,2%-ға артқан.

Әуе компанияларының жалпы тасымалдау сыйымдылығы (ASK) 2,9%-ға қысқарса, жолаушылар орындарының толу коэффициенті 83,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен.

Халықаралық бағыттардағы сұраныс 5,3%-ға азайған. Таяу Шығыс нарығынсыз есептегенде өсім 1,9%-ды құрайды. Ал ішкі рейстердегі сұраныс өткен жылғы деңгейде сақталғанымен, орындардың толу көрсеткіші 81,9%-ға дейін төмендеген.

IATA бас директоры Уилли Уолштың айтуынша, Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан өңірдегі әуе компанияларының сұранысы 46,6%-ға құлдырап, бұл жаһандық нарықтағы жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне әсер еткен.

"Авиация саласындағы жағдай әлі де тұрақсыз. Сәуірде авиаотын бағасы екі еседен астам қымбаттап, билет құнына қысым түсіріп отыр. Алдағы айларға арналған кестелер тасымал көлемінің қысқаратынын көрсетеді", – деді ол.

Әуе жүк тасымалына сұраныс артты. Жүк тасымалы сегментінде жағдай әлдеқайда жақсы болды. Сәуірде жүк айналымы (CTK) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өскен. Халықаралық жүк тасымалындағы өсім де дәл осындай деңгейде тіркелді.

Сонымен бірге жүк тасымалдау сыйымдылығы (ACTK) 0,4%-ға, ал халықаралық бағыттарда 0,9%-ға азайды.

IATA басшысы Уилли Уолштың айтуынша, өсімге Азиямен байланысты сауда ағындарының жандануы ықпал еткен. Алайда Таяу Шығыстағы қақтығыс Парсы шығанағындағы ірі жүк хабтарының жұмысына кедергі келтіріп, логистикалық бағыттардың қайта құрылуына себеп болып отыр.

"Әуе жүк тасымалы саласы жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Алдағы айлар сектордың геосаяси белгісіздік пен жоғары операциялық шығындарға қаншалықты бейімделе алатынын көрсетеді", – деді Уилли Уолш.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз