Тұрғындар мердігер компанияның атқарған жұмысының сапасы сын көтермейтінін айтуда.
Атырауда терможаңғырту бағдарламасы аясында жөндеуден өткен көпқабатты үйдің шатырынан су сорғалап, қабырғалары қақырап тұр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Тұрғындар мердігер компанияның атқарған жұмысының сапасы сын көтермейтінін айтады. Жаңбыр жауса – жоғарғы қабаттағы пәтерлердің іші суға толып, жұрттың әбден мазасын кетіреді. Төзімдері таусылған жұрт бүлінген үйді қайта қалпына келтіруді талап етуде. Әкімдіктегілер бар кінәні мердігерге сілтеп отыр. Тұрғындардың терможаңғырту бағдарламасы аясында үйді қалпына келтірген мердігердің жұмысына көңілдері толмайды. Жөндеу жұмысы жүргіхілгеніне 2 жыл өтпей жатып, тұрғын үйдің қабырғасы жарылып, тоқ желілері істен шыққан.
"2019 жылы модерницазия жасады. Шатыр да, үй де бүлініп жатыр. Төбеден қоңыз шықты. Бәріміз әкімдікке арыз жаздық. Жаңбыр қазір жауса, төбеден су ағады. Әзірге әкімдіктен еш нәтиже болмады. Келіп те қарамады", – деді Атырау қаласының тұрғыны Алтын Лұқпанова.
Шенеуніктер мәселеден хабардар. Қазір жөндеу жұмыстарын жүргізген «Техстрой» компаниясын сотқа берген. Қазір демеушілер мен басқа мердігер мекемені іздеуге кірісіп кеткен.
"Қаражат бойынша 37 миллион бөлінген. 2020 жылы жөндеу жұмыстары басталып, 2021 жылдың қаңтар айында қабылдап алды. Қазір мердігер мекеме өз-өзін банкрот деп жариялады. Біз мердігерді таба алмай жатырмыз. Соған байланысты біздер демеушілік көмекпен сәуір айына дейін ақауларын толықтай бітіріп береміз", – деді Атырау қаласы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету мекемесі директорының орынбасары Руслан Мұсағалиев.
Оқи отырыңыз: Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен үй алған тұрғындар су астында қалды.
Заңгер Руслан Кәрімжанның айтуынша, тозығы жеткен көпқабатты үйлерді қалпына келтіруге арналған бағдарламаға қаражат бюджеттен бөлінеді. Төлемді тұрғындар пәтердің жалпы аумағына байланысты ай сайын беріп отырады. Одан бас тартуға халықтың құқығы жоқ. Тек ақау табылса ғана сот арқылы қайта жөндетуге болады.
"Модернизация жұмыстары бойынша ақша төлеуге міндетті. Төлемеуге ешқандай негіз жоқ. Жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілсе – сараптама жүргізулері тиіс.Тексеру керек. Сотқа арыз жазып, қайта жөндеуге міндеттеу керек", – деді заңгер Руслан Кәрімжан.
Оқи отырыңыз: Шымкентте көппәтерлі 15 тұрғын үй модернизациядан және 21 тұрғын үй ағымдағы жөндеуден өтуде.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
274
-
0
-
0
-
-
2🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
289
-
0
-
3
-
-
3😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
289
-
0
-
5
-
-
4⚡️Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
-
225
-
0
-
3
-
-
5⚡️ Супермарафоншы Марат Жыланбаев жеті жылға сотталды
-
208
-
0
-
2
-
-
6⚡️ 13 адамның өлімі: Алматыдағы хостелде көбіне шетелдіктер тұрған
-
207
-
0
-
0
-
-
7Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
-
189
-
0
-
0
-
-
8Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заң жобасына қатысты Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың сұрағы.
-
191
-
0
-
0
-
-
9Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
174
-
0
-
1
-
-
10🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
144
-
0
-
0
-