Соңғы он жылда "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust жүзеге асырған әлеуметтік жобалар еліміз бойынша 11,5 миллионнан астам адамды қамтыды. Олардың ішінде 3 миллионнан астамы – балалар. Бұл туралы қор жұмысын талқылауға арналған отырыста белгілі болды.
Қордың бастамалары медицина, инклюзия, білім беру, мәдениет және спорт салаларын қамтып, әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігі шектеулі өңірлерге ерекше назар аударылып келеді.
Соңғы бес жылда "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен Қазақстан өңірлерінде аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балаларға арналған, ерте араласу және кешенді оңалту бағытындағы 55 реабилитациялық орталық ашылды. Бұл орталықтардың іске қосылуы мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, өңірлік еңбек нарығының дамуына да серпін берді.
Нәтижесінде 1747 жаңа жұмыс орны құрылып, дефектологтар, логопедтер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен емдік дене шынықтыру нұсқаушылары жұмыспен қамтылды. Мультидисциплинарлық командалардың жұмысы 15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
2025 жылы Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры Ainala реабилитациялық орталықтарының жаңартылған тұжырымдамасын енгізді. Жаңа модель күндізгі және тәулік бойы болу форматтарын қамтып, дамуында түрлі бұзылыстары бар балаларға кешенді көмек көрсетуді көздейді.
Бүгінде ел аумағында қордың қолдауымен 55 реабилитациялық орталық, 19 спорт кешені, 31 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған "Шексіз мүмкіндіктер" жазғы лагерьлері, сондай-ақ Орал, Петропавл және Ақтөбе қалаларында ашылған креативті хабтар балалардың дамуына, білім алуына және белсенді демалуына жағдай жасап отыр.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13

