USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.61 / 6.75
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Шамасы келмеген адамға Алла мұндай міндет жүктемеген – бас мүфти құрбан шалу туралы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құрбандық шалу материалдық мүмкіндігі бар және жолаушы емес мұсылманға – уəжіп.

Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ел мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, оның мән-маңызы туралы айтты

Бас мүфтидің түсіндіруінше, Құрбан айт – жалаң құрбандық емес, ол –  ішкі жан-дүниеңді тазарту мен рухани тұрғыдан жаңғыру деген сөз. 

"Материалдық мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс", – деп түсіндірді діни басқарманың төрағасы. 

Оның айтуынша, Құрбан айт тек құрбан шалумен шектелмейді. Бұл – ағайын арасын жақындата түсетін күн. 

"Араздасқан адамдар татуласып, өзара кешірім жолын ұстанады. Айт күндері туысқанның басын қосып, қарым-қатынасты күшейткен абзал. Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анамызға, бала-шағамызға сыйлық беріп, оларға арнайы көңіл бөліп, барынша қуантайық. Мұндайда өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады, мерекені асыға күтеді", – деді бас мүфти. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз