Самара-Шымкент тасжолындағы жол апатынан бес адам қаза тапты

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Автобус ішінде Пермь–Ташкент бағытымен жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.

7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара–Шымкент тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына бағыт алған автобус жолда аударылған.

Автобус ішінде Пермь–Ташкент бағытымен жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.

"Жол апаты салдарынан 5 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 11 адам түрлі жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Астананың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртенді


Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау