Тікелей эфир

Салтанат Нүкенова ескі жарақат салдарынан қайтыс болуы мүмкін бе?

Сот-медициналық сарапшы ескі процесс жеңіл жарақаттан кейін өршіп, Нүкенованың өліміне әкелді деп айтуға болмайтынын атап өтті.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенова өлімінен бірнеше апта бұрын пайда болған гематома салдарынан көз жұмуы мүмкін емес. Бұл туралы сотта жауап алу кезінде сот сарапшысы Тахир Халимназаров мәлімдеді.

Сот отырысында қорғаушы Назкен Құсайынова маман Салтанат Нүкенованың өліміне әсер еткен ескі субдуральды гематоманың болуын жоққа шығаруы мүмкін бе екенін сұрады.

«Мәйітті тексерген кезде мамандар ескі қан кету процесіне тән белгілерді көрмеді, таппады. Оны байқау қиын емес. Мұны кез келген сарапшы көре алады, өйткені оның басқа қан кетулерден айырмашылығы бар. Осы жағдайда мамандар бұл туралы жазған жоқ, яғни ескі процесс туралы ешкім айтып жатқан жоқ», – деп түсіндірді Тахир Халимназаров.

Оның атап өткеніндей, созылмалы субдуральды гематома болғанда ми қан капсуласымен жабылады, ал мәйітті тексеру барысында ондай жағдай анықтаған жоқ.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев соты: Куәгер Нүкенова қайтыс болған түні неге полиция шақырмағанын айтты


Мамандар Нүкенованың 3-4 апта бұрын қандайда бір жарақат алуы мүмкін екенін айтты.

«Қалай болғанда да, оны бас миының жарақаты деп атайтын болады, бірақ оның клиникалық көрінісі де, маңызы да жоқ, сонымен қатар қазіргі жарақатпен себептік байланысы да жоқ. Сондықтан бұл жерде ескі процесс жеңіл жарақаттан кейін асқынып кетті деп айта алмаймыз. Жоқ», – деді Тахир Халимназаров.

Серіктестер жаңалықтары