Тікелей эфир

Шәкәрім университетінің ұжымы мен студенттері президентке үндеу жасап, ректорды орнында қалдыруды сұрады

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұған қатысты әлі түсінік бермеді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің ұжымы ғылым және жоғары білім министрінің ректор Бауыржан Ердембековті қызметінен босату туралы бұйрығымен келіспейді. Осы орайда ЖОО түлектері мен оқытушылар құрамы президентке үндеу жасады.

Университет ұжымының айтуынша, 2021 жылы қызметке келген Бауыржан Ердембеков – осы уақытқа дейін жұмысын жақсы атқарған білікті маман. Ректордың арқасында студенттерге арнайы "үздік 100 студент" гранты бөлініп, жатақханалар үлкен жөндеу жұмысынан өткен. Сондықтан ұжым жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бауыржан Ердембековті жұмыстан негізсіз шығарып жатыр, деп есептейді.

Бауыржан Ердембеков өзі де Шәкәрім университетінің түлегі. Студенттердің айтуынша, ол басқарған аздаған уақытта жастар саясаты дамып, университет гүлдене түскен. Осы кезге дейін университетте 60-тан астам мамандандырылған аудиториялар мен дәрісханалар, атаулы ғылыми кітапханалар, 30 ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізілген. Сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған, білімде, өнер мен спортта жетістігі бар мектеп түлектеріне "Шәкәрім гранты" тағайындалған. Оқу ақысына 50 пайыз, 100 пайыз жеңілдіктер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shakarim University (@shakarim_university)

"Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембековті жұмыстан шығару жайлы бұйрық келді. Оқу орны ұжымы ведомство басшысынан "Не үшін, неге, не себепті?" сынды сұрақтарға жауап ала алмады. 12 сағат бойы ұжым ешқайда кетпеді, қанағаттандырарлық жауап алмады. Жаңа Қазақстанда әділеттілікті талап етеміз!" – деді университет ұжымы.


Оқи отырыңыз: 56 миллион теңге грант. Алматыда орта білім беру ұйымдары байқауының қалалық кезеңі басталды


Бұдан өзге университет Проректоры Индира Оралқанова студенттер мен ұжымның қатысуымен арнайы баспасөз мәслихатының ұйымдастырылатынын айтты.

"Расымен ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен 2023 жылдың 11 мамырынан Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков лауазымынан босатылды. Бұл шешім жалғыз акционердің шешімі негізінде келісімшарт бұзылды деген жауап келді. Университет тарапынан ұжым мен студенттердің мәлімдемелері ескерусіз қалмайды", – деді Индира Оралқанова.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұған қатысты әлі түсінік бермеді.

Семей педагогикалық институты – еліміздің ең көне білім ордаларының бірі. Іргетасы 1934 жылы құрылған. 1995 жылы оқу орнына қазақтың ойшыл-ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының аты берілген. Биыл университет ақынның туғанына 165 жыл толуын кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұстаздарға арналған "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауы басталды


 

Серіктестер жаңалықтары