Қазақстанда ұстаздарға арналған "Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023" республикалық конкурсы басталды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конкурсқа жеке немесе 3 адамнан аспайтын авторлық топпен қатысуға болады. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының айтуынша, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмыстарын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады. Олар:
- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;
- оқу сауаттылығы;
- математикалық сауаттылық;
- жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
- цифрлық сауаттылық;
- медиа-ақпараттық сауаттылық;
- қаржылық сауаттылық;
- экологиялық сауаттылық;
- денсаулық сақтау сауаттылығы;
- әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;
- мәдениетаралық сауаттылық;
- азаматтық-құқықтық сауаттылық.
"Мұғалімдер дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, сандық білім беру ресурсы және бейне подкаст жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсына алады. Конкурсқа қатысу өтінімдері https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 10 қазанға дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдарынан алуға болады" делінген хабарламада.