Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
Оның кандидатурасын Құрылтай депутаттары қолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саясат Нұрбекті ғылым және жоғары білім министрі етіп қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Саясат Нұрбек 1981 жылғы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. АҚШ-тағы Маршаллтаун колледжін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ Италиядағы La Sapienza университетін тәмамдаған.

BTS Education компаниясының бас директоры қызметін атқарған.

Әр жылдары Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры, "Самұрық-Қазына" АҚ Кадр жұмысы және персоналды басқару департаментінің директоры, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті қызметтерін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау