Бұрын астаналықтар бұл көмекті 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне орай алатын.
Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаға өзгерту енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, өзгертулер саны екеу:
- Табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшеріндегі көмек бұрын 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне орай беріліп келсе, енді 25 қазан – Республика күніне орай үлестіріледі. Бұл көмекті алу үшін Астана тұрғындарына өтініш берудің қажеті жоқ. Көмек алатын азаматтардың тізімін Астана қаласының әкімдігі әзірлейді. Көмек мөлшері 2023 жылы 15 525 теңгені құрайды.
- Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек мөлшерінің жоғарғы шегі 13 АЕК-тен 20 АЕК мөлшеріне (2023 жылы – 69 мың теңге) дейін арттырылды. Ал нақты көмек мөлшері өтініш берушінің шығындарының негізінде анықталады.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңге болады?
Еске салайық, екінші тармақ бойынша көмекті келесі санаттағы азаматтар алады:
- егде жасына, ауруына, мүгедектігіне байланысты өзіне күтім жасай алмайтындар;
- дене не ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;
- әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектеулі адамдар;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
- пробация қызметінің есебінде тұрғандар.
Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 29 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-