Өңіре Ресейдің іргелес облыстарынан келген Сібір елігінің саны күрт артқан.
Солтүстік Қазақстанда шаруалар ауыл ішінде еліктердің көбейгеніне алаңдап отыр. Айтуларынша, еліктердің санын реттемесе, биыл бидай мен арпаның тең жартысынан өнім ала алмауы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Жауапты министрлік өз кезегінде еліктердің Ресейден келіп жатқанын және оларды кері қайтару жұмыстары қиынға соғатынын мәлімдеді.
"Көктемде бір ұрғашы елік 2-3 еңлік балалайды. Жазда шөп аз болған соң егістікке келіп, сол жерді таптайды, тұяғымен дәндерді қопарады. Табиғатты қорғау қызметкерлері неге осы мәселені реттемей отыр?" – деді шаруа қожалық басшысы Талғат Мұсарьянов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге дайындық қалай жүріп жатыр? Фоторепортаж
Еліктер ауылдарда ғана емес, Петропавл қаласында да қаптап жүр. Мамандар өз кезегінде қала мен далада қаптап жүрген Сібір еліктері екенін айтады. Ресейдегі қорық аумағында қар қалың жауатындықтан, азық таппай қиналған болуы мүмкін.
"Бұлар Ресейдің ерекше қорғалатын аумағынан келіп жатыр. Олар біз жаққа күн суықта қорек іздеп келген. Күн жылыған соң бұған дейін мекендеген ортасына оралады", – деп сендірді Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Олжабек Холов.
Оқи отырыңыз: Тәуелсіз экошолушы: Киіктерді атуға мораторийді 2025 жылға дейін созу керек
Қазақстандағы 90 мыңға жуық Сібір елігінің 20 мыңы Солтүстік Қазақстанда мекендейді. Алайда, Ресейдің өңірмен іргелес облыстарынан жаппай келіп жатқандықтан, олардың саны еселеп артуы мүмкін.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
434
-
0
-
1
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
440
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
396
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
382
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
384
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
345
-
1
-
2
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
336
-
4
-
3
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
338
-
0
-
4
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
310
-
4
-
2
-
-
10Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
-
295
-
0
-
2
-