Тікелей эфир

Референдумда қалай дауыс беруге болады? Нұсқаулық

Қазақстандықтар дауыс беру учаскесін Kaspi.kz және Халық банкінің Homebank қосымшаларынан таба алады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Референдум бүгін, 5 маусымға, белгіленді. Осы орайда, Informburo.kz референдумда қалай және қайда барып дауыс беру нұсқаулығын ұсынады.

Сайлау учаскесін қалай іздейміз?

Сайлау уческесін келесі ақпарат ресурстарына кіріп табуға болады: 

Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.


Оқи отырыңыз: Конституция 1995 жылдан бері қалай өзгерді? Таймлайн


Осыған ұқсас қызмет Kaspi.kz және Халық банкінің Homebank қосымшасында әзірленді.

Дауыс беру үшін не істеу керек?

  1. 5 маусым күні жеке куәлікпен тіркелген мекенжай бойынша азамат тиісті учаскеге келеді;
  2. Референдум комиссиясының мүшелерінен бюллетеньді алады;
  3. Дауыс беру кабинасына өтеді;
  4. "Иә" немесе "жоқ" жауаптарының бірін белгілейді;
  5. Бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салады.

Дауыс беру қалай жүзеге асады? 

  • Бюллетеннің өзі, мәтіні және формасы бекітілген. Оны қазақстандықтар жасырын дауыс беруге арналған кабинада жеке өзі толтырады. Кабинаға өзімен бірге адам алып кіруге болмайды. Алайда денсаулығына немесе т.б. себеппен өз бетінше толтыра алмаса, басқа азаматтың көмегіне жүгінуге құқылы. Референдум ұйымдастырушылары мен бақылаушылардан көмек сұрауға болмайды.
  • Бюллетеньде бір сұрақ, екі жауап нұсқасы болады. Таңдаған жауаптың жанындағы бос шаршыға құсбелгі, крест қоюға немесе дөңгелектеуге болады. Ең бастысы, азаматтың қай нұсқаға дауыс бергісі келгені анық көрінуі тиіс.
  • Белгіні қарандашпен қоюға немесе таңдалған жауап нұсқасын түзетуге болмайды. Жауапты таңдаған соң азаматтар бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салады.
  • Егер жауаптың барлық нұсқасы дұрыс деп таңдалса, дауыс санағанда бұл бюллетеньдер есепке алынбайды. Сондай-ақ, белгі қарындашпен қойылған, тазарту іздері немесе қолдан жасаудың өзге де тәсілдері бар бюллетеньдер де жарамсыз деп танылады.

Оқи отырыңыз: Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге жұмсалады


Егер референдумға қатысқандардың 50 пайыздан астамы оған нақты дауыс берсе, түзету қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары