Тікелей эфир

Рамазан айында қайыр сұрайтындар көбейген

Мешіт алдында қайыр тілейтіндердің көбісі – мүгедек жандар мен әйел адамдар.

Рамазан айында көшеде көмек сұрайтындар көбейген, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы. 

Алматы тұрғыны Жұмагұл Замзаеваның мешіт алдында қайыр сұрап жүргеніне 6 жылдан асқан. Ол мұндай қадамға жұмысынан айырылып, жолдасы төсек тартып қалған соң барғанын. Жеті баланы жалғыз өзі асырап отырған кейуана күніне 3 мың теңге жиналатынын айтады. Мешіт алдында күндіз сағат 12-ден түнгі 11-ге дейін отырады. Жұма күні мешітте адам көп болатындықтан, орын алу үшін ертерек келуге тырысады. Ал шенеуніктер бірден көмектесе алмайтындарын айтқан. 

"Әкімдікке бардым, "Біз саған көмектесе алмаймыз. Бізде ақша да, үй де жоқ. Мешіт алдында отырған адамдар секілді шығып қайыр тіле" деп айтты", – дейді зейнеткер Жұмагүл Замзаева. 

Мешіт алдында қайыр сұрайтын азаматтар түскі және кешкі асын өзімен бірге ала келеді. Айтуларынша, орнынан алыстаса, айырылып қалуы мүмкін. 


Оқи отырыңыз: Көкшетау қаласының тұрғыны мүгедек ер адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген


"Мұқтаж жандарға біз киім-кешекпен, азық-түлікпен көмектесе аламыз деп шығады. Әр отбасының, әр азаматтың қажеттілігіне қарай бізде үкіметтік емес ұйымдар бар. Сол кісілермен бірге көмектесуге тырысамыз", –  деді Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Қаратаев.  

Маманның мәліметінше, бүгінде Алматы қаласында жұмыссыз жүрген азаматтар саны 53
мыңнан асқан. 


Оқи отырыңыз: Енді мүгедектік бойынша жәрдемақы алу үшін бір SMS жіберу жеткілікті


 

Серіктестер жаңалықтары