Тікелей эфир

Көкшетау қаласының тұрғыны мүгедек ер адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Ер адам мамыр айынан бастап күніне 8-9 сағат қайыр сұраумен айналысқан.

Дәстүрлі түрде өткізілетін "STOP трафик" шарасының нәтижесінде адам саудасымен байланысты 50-ден астам факті тіркелді, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

"22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында кезекті республикалық "STOP трафик" жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Тексеру барысында адам саудасымен байланысты 68 қылмыстың беті ашылды", – деді Қанат Нұрмағамбетов. 

Олардың ішінде:

  • адамның еңбегін пайдалану – 3 факті;
  • адам саудасы – 2 факті;
  • кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалау – 2 факті;
  • жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу – 8 факті;
  • жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу – 1 факті.

Оқи отырыңыз: Өлім жазасынан мүлде бас тарту дұрыс па?


"Мұнымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға ғимарат ұсыну бойынша 21 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Сондай-ақ, қоғамдық орында тиіскені үшін 600 әкімшілік хаттама толтырылды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісінің жолы кесілді", – деп қосты Қанат Нұрмағамбетов. 

Бұдан өзге 58 жастағы ер адамның 30 жастағы Орал қаласының тұрғынын бір жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келгені белгілі болды. Күдікті әйелді бопсалап, күш қолданамын деп қорқытқан. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 308-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Оқи отырыңыз: Екінші мәрте ұрлық жасайтындарға кешірім жоқ. Қылмыстық кодекске ұрлыққа қатысты тағы қандай өзгертулер енгізілді?


"Жамбыл облысында полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айында 30 жастағы әйелдің жаңа туған қызын үшінші тұлғаларға бергенін анықтады. ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Мұнымен қатар, Ақмола облысында ІІІ топтағы мүгедекті қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі анықталды. Осы мақсатта 28 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны Өскемен қаласынан 60 жастағы ер адамды алдап әкелген. Ер адам мамыр айынан бастап күніне 8-9 сағат қайыр сұраумен айналысқан. Фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 126-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тексеру жүргізіледі", – деді Қанат Нұрмағамбетов. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары