USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қызылорда облысында құдықтан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Ата-анасы ұлының ұсталғанына наразы

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
30 мамыр күні Мейіржан Рүстем үйінің ауласына төсек салып, далада түнеген. Алайда таң ата 20 жастағы жігіт ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жергілікті су құбыры құдығынан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Марқұмның жақындары оның денесінде көгерген дақтар мен мойнында жіптің іздері барын айтуда. Құқық қорғау органдары осы қылмысқа күдікті ретінде марқұмның 15 жастағы туған інісін қамауға алды. Алайда қаралы отбасы бұл шешіммен мүлдем келіспейді: олар мектеп оқушысы өз ағасына қастандық жасауы мүмкін емес деп есептейді. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы хабарлады.

Бір ұлын жер қойнына тапсырып, екіншісін абақтыдан арашалай алмай отырған ата-ананың қазір жағдайы өте ауыр. Мәліметтерге сүйенсек, 30 мамыр күні Мейіржан Рүстем үйінің ауласына төсек салып, далада түнеген. Алайда таң ата 20 жастағы жігіт ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Жақындары оны өздігінен іздей бастап, тек бір тәуліктен соң су құбыры құдығынан мәйітін тапқан.

"Сыртында ала көрпесі бар. Сол көрпеге тұншықтырған, ол бір адамның ісі емес. Мен өзім сол баланы шығарып салар сәтте соңғы рет көріп қалайыншы дедім. Сол кезде оның мына жерінің бәрінде көгерген дақ тұрды. Ол бір адамның ісі емес. Ол жаны шығамын дегенше алысқан ғой 2-3 адаммен. 15 жастағы ұлымды күдікті деп ұстап отыр", – дейді марқұмның анасы Кенже Дүйсенбиева.


Оқи отырыңыз: Астанада көліктен 7 келіден астам есірткі табылды: күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды


Жақындары марқұмға туған інісі қол жұмсады дегенге мүлдем сенбейді. Олар тепсе темір үзетін ағасына мектеп оқушысының шамасы жетпейтіны сыңайлы деп есептейді. Шарасыз күй кешкен ата-ана бұл қылмысты бұған дейін үйден ақша ұрлап жүрген белгісіз тұлғалар жасауы мүмкін деп топшылайды.

"Үйде ақша ұрланып жатыр дедік. Екі күн бұрын қатар ақша ұрланса да, үйде ақша қай жерде тұрды деп те ешкім сұрамайды. Түнде үште күдікті жүрген деп айтасың, оны іздемейді. Айналып келіп кішкентай балаға жабысып тұр ғой. Не істерімізді білмей қалдық. Баламның қайғысы жайына қалды. Қайғымыз мына бала болып кетті. Бұл балаға бір бәле қылып іліп жібере ме қорқып отырмыз", – деп қынжылды марқұмның әкесі Ғани Жұпарбаев.


Оқи отырыңыз: Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апаты ісі: үшінші марқұмның туысы да кешірім берді


Қазіргі уақытта полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Ведомство өкілдері істің заң аясында жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қолданылуда", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ПД тергеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.

Қанды қылмыстың нақты себептері мен жай-жапсары әзірге белгісіз. Жергілікті құзырлы органдардан әділдік таппаған ата-ана ендігі кезекте арыз-шағымдарын тікелей Ішкі істер министрліге жеткізуге бекініп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз