Geely Auto Group вице-президенті және Geely Auto International Corporation бас директоры Алекс Нан Қазақстанға жұмыс сапары аясында еліміздегі дилерлік орталықтардың қызметіне жоғары баға берді.
"Біз үшін негізгі басымдық – мықты бренд қалыптастыру және клиентке бағдарланған, тұрақты дистрибуция үлгісін дамыту. Қазақстанда үлкен әлеует бар екенін көріп отырмыз және ұзақ мерзімді мақсаттарға бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз", – деді Алекс Нан.
Еске салайық, компанияның Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Orbis Auto. Екі арадағы әріптестік 2022 жылы басталған. Қысқа мерзім ішінде брендтің Қазақстандағы өсу қарқыны айтарлықтай жылдамдады. Бүгінде Geely автокөліктері еліміздің 17 қаласын қамтитын 23 автоорталықта сатылуда. Қазақстандық тұтынушыларға Monjaro, Atlas, Coolray, Okavango және Emgrand сынды танымал үлгілер ұсынылады.
Сапар барысында Алекс Нан шоурумдар мен сервис орталықтарын аралап, қызметкерлердің біліктілігі мен сатудан кейінгі сервистің сапасына оң бағасын берді.
"Geely Auto Group басшылығының сапары – сенім белгісі ғана емес, сонымен қатар алдағы дамуымызға берілген маңызды серпін. Халықаралық автоөндірушінің біздің жұмысымызды жоғары бағалап, Қазақстан нарығындағы ауқымды міндеттерді бізге сеніп тапсырғанына қуаныштымыз", – деді Orbis Auto компаниясының бас директоры Динара Искакова.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда Geely сатылымы 5 271 бірлікті құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61,9%-ға артты (3 255 бірлік). Осы нәтижелердің арқасында Geely Қазақстанда ең көп сатылған 7 автокөлік бренді қатарына енді.
USD:
516.7 / 519.3
EUR:
606.0 / 610.0
RUB:
6.35 / 6.47
