Бүгін түнде сағат 01.08-де Қырғызстанда қуаты 4 балл шамасында тағы да жер сілкінді. Көрші елдің Ұлттық ғылыми академиясының Сейсмология институты бұл туралы хабарлай отырып, өңірде сейсмикалық белсенділік жоғары болып тұрғанын растады.
Volcanodiscovery.com сайтының мәліметінше, соңғы жеті күнде Қырғызстанда магнитудасы 4.9-дан төмен 27 жер сілкінісі тіркелген. Олардың төртеуінің магнитудасы 4-тен жоғары. Ал соңғы бір айда болған жер сілкінісінің саны 88-ді құраған.
Дегенмен, ғалымдар жер сілкінісінің жиілеуін қалыпты деп бағалап отыр. Жер сілкінісінің саны орташа қалыпты көрсеткіш аумағында, оны төмендегі графикадан көруге болады.
Еске салайық, Қырғызстанның бас сейсмологы Қанат Абдрахматов бұған дейін өңірде сейсмикалық белсенді кезең 2008 жылы басталғанын айтып, бұл кезең 2026 жылы аяқталады деген болжам жасаған болатын. Оның айтуынша, бұл – 1900 жылдан бергі төртінші сейсмикалық белсенді кезең.
Алматыда жер сілкінісі сезілді
2-3 балл: Жетісу және Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді