2026 жылғы 5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:42-де жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан. Сейсмикалық тербелістер Жетісу және Алматы облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілді.
"Атап айтқанда, Жаркент, Текелі, Жансүгіров, Сарқанд қалаларында жер сілкінісінің күші 3 балға дейін жеткен. Талдықорған, Қарабұлақ, Балпық би, Үштөбе, Чунджа, Шелек және өзге де елді мекендерде 2 балдық тербеліс байқалды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.