2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қырғызстан және Өзбекстан басшылары қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына орай көңіл айтты

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Көрші елдердің басшылары Қазақстан президентінің атына көңіл айту жеделхатын жолдап жатыр.

Қазақстан президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау