Бас прокуратураның баспасөз қызметі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
Оған сәйкес, оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынып, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген. 12 сараптама тағайындалды.
"Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды. Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды", – делінген ресми хабарламада.
Каспийдегі қасірет. Қаза тапқан әскери қызметшілердің есімі белгілі болды
Маңғыстауда суға кеткен екі сарбазды қанша адам мен техника іздестіріп жатыр