Қырғызстан Қазақстанның VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісін ресми мойындады

Фото: Қазақстан туризм және спорт министрлігі
Фото: Қазақстан туризм және спорт министрлігі
Қазақстан спортшылары 32 алтын медаль иеленді.

Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру комитеті командалық есеп бойынша Қазақстанның бірінші орын алғанын хабарлады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ойындар жоғары деңгейде өтіп, үлкен спорттық мерекеге ұласқан.

Әсіресе көкпар мен жер-ұлақ жарыстары тартысты өткен. Бұл сайыстарда Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, спорттық бәсекелестіктің тек алаңда өтетінін тағы бір мәрте дәлелдеген.

"Жанкүйерлер арасында да ешқандай түсініспеушілік болған жоқ. Бұл үшін екі елдің спортшылары мен жанкүйерлеріне ерекше алғыс айтамыз", – деп жазды Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы.

Оның мәліметінше, командалық есептегі жалғыз техникалық айырмашылық медальдарды санау кезінде болған. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдаған. Осылайша, жалпы командалық есепте бірінші орынды Қазақстан иеленді.

"Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!" – делінген жазбада.

Сондай-ақ Қырғызстан спортшылары да ойындарда лайықты өнер көрсетіп, өздерінің күші мен шеберлігін танытқаны атап өтілді.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы медаль саны спорттың құрамдас бөліктерінің бірі ғана екенін атап өткен. Оның пікірінше, ойындардың басты жетістігі – жарыстардың өзара құрмет пен адал бәсекелестік рухында өтуі.

"Бауырлас халықтардың бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте көрсете алдық", – деп жазды ол.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау