Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алды.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалда Қырғызстан спортшысын жеңіп, жарыс чемпионы атанды.
Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан шешуші белдесуде қырғызстандық қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтын медальдары.
Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Қазір Қазақстанда аударыспақпен 11,5 мыңнан астам адам тұрақты түрде шұғылданады.