USD: 469.9 / 472.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Құрылтайды сайлау: Мәжілісте болмаған партиялар сайлау жарнасын төлейді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
ОСК Құрылтай сайлауына ұсынылған партиялық тізімдерді қарай бастады.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай сайлауына ұсынылған партиялық тізімдерді қарауға кірісті. Биыл жеті саяси партиядан барлығы 546 кандидат ұсынылған.

ОСК мәліметінше, партиялық тізімдерді ұсыну 13 шілдеде аяқталды. Ұсынылған кандидаттар саны төмендегідей:

  • "Ақ жол" партиясы – 63 кандидат;
  • "Ауыл" партиясы – 69 кандидат;
  • ӘDILET партиясы – 186 кандидат;
  • "Байтақ" партиясы – 47 кандидат;
  • Қазақстан халық партиясы – 72 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33 кандидат;
  • Respublica партиясы – 76 кандидат.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісовтің айтуынша, заңға сәйкес сайлауға қатысатын партиялар әрбір кандидат үшін сайлау жарнасын төлеуге тиіс. Биыл оның мөлшері 1 млн 275 мың теңге болып белгіленген.

Алайда Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымында депутаттары болған саяси партиялар бұл төлемнен босатылады.

"Осылайша, Құрылтай депутаттығына кандидат ұсынған жеті партияның тек екеуі – ӘDILET пен "Байтақ" партиялары ғана сайлау жарнасын төлейді", – деді Шавкат Өтемісов ОСК отырысында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау