Құрылтай сайлауының экзитпол нәтижелері жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
"Әділет" партиясы сайлаушылардың 71,8 пайыз дауысын жинап, көш бастады.

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, "Әділет" партиясы сайлаушылардың 71,8 пайыз дауысын жинап, көш бастады.

Еуразиялық интеграция институты Құрылтай депутаттарын сайлау күні жүргізген экзитпол нәтижелерін ұсынды. Зерттеуге сәйкес, саяси партиялар арасында дауыстар төмендегідей бөлінген:

  • "Әділет" – 71,8%;
  • "Ауыл" – 6,4%;
  • Respublica – 5,4%;
  • ЖСДП – 5,2%;
  • "Ақ жол" – 5,1%;
  • Қазақстанның халық партиясы – 3%;
  • "Байтақ" – 1%;
  • "Барлығына қарсы" – 2,1%.

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың белсенділігі 74 пайыздан асқан. Дауыс беруге барлығы 9 352 151 азамат қатысқан.

Құрылтайдың 145 депутаттық мандатына жеті саяси партия таласты.

Экзитпол нәтижелері алдын ала дерек болып саналады. Сайлаудың ресми қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларын өңдеп, дауыстарды санау аяқталғаннан кейін жариялайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау