Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бірақ, кейбір шет мемлекеттерде дауыс беру әлі жалғасып жатыр.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды. Сағат 20:00-де ел аумағындағы барлық сайлау учаскесі жабылып, учаскелік комиссиялар дауыс санауға кірісті.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Сайлаушылар бес жыл мерзімге 145 депутатты таңдады.

Сайлаушылар тізіміне Қазақстанның 12,6 миллионнан астам азаматы енгізілді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санап, дауыс беру нәтижелері көрсетілген хаттамаларды рәсімдеуге кірісті.

Сайлаудың түпкілікті қорытындысы сайлау комиссияларының хаттамалары өңделіп, нәтижелер жинақталғаннан кейін жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау