"Адамдардың кезекте тұрғанын көрдік". Халықаралық байқаушы Құрылтай сайлауын бағалады

"Адамдардың кезекте тұрғанын көрдік". Халықаралық байқаушы Құрылтай сайлауын бағалады
Ол сайлаудың өту барысына жоғары баға берді.

Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ғимаратында орналасқан №341 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауының өту барысын байқап, өз бағасын берді. 

Құрылтай сайлауының өту барысын еліміз бойынша 42 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан келген 777 шетелдік байқаушы бақылады. 

Өзбекстан ОСК төрағасы сайлау учаскесіндегі жұмыстың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, сайлаушылардың белсенділігіне назар аударды.

"Кешеден бері дайындық жұмысының барлық кезеңімен таныстық. Бүгін сайлаудың өту барысымен таныстық. Барлық процесс заңдық нормаларға сай өтіп жатқаны анық. Сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Адамдар сайлаудың кезегінде тұрғанын көрдік. Бұл – қазақстандықтардың өз болашағына бейжай қарамайтындығының белгісі ғой. Сайлау комиссиясының басшысы, хатшысынан бастап, барлық комиссия мүшелерінің кәсібилігіне тәнті болғанымды ризашылықпен атап өткім келеді. Олар барлық сұрақтарға тиянақты жауап берді. Ешқандай тәртіп бұзушылықтар байқалған жоқ. Бұл ҚР ОСК-інің тиянақты жұмысының жемісі деп білемін. Бауырлас қазақ халқына өз болашағы үшін ақылды шешім қабылдауын тілеймін", – деді Зайниддин Низамходжаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, екі ел арасындағы экономикалық, гуманитарлық және саяси ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасында экономикалық, гуманитарлық және саяси тамаша ынтымақтастық қарым-қатынас жолға қойылған. Біздің ашық шекарамыздан қазақ пен өзбек халқы еркін өтіп жатады. Қазақстандық туристер де біздің елімізге көп сапарлайды. Біздің президентіміз айтқанындай, дініміз бір, тіліміз бір, дініміз бір, базарымыз бір, мазарымыз бір халықпыз", – деді Өзбекстан ОСК төрағасы.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанда 1991 жылдан бері өткізіліп отырған оныншы парламенттік сайлау. Дауыс беру пропорционалды жүйе бойынша өтті. Сайлаушылар бюллетеньде көрсетілген саяси партиялардың бірін таңдайды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Құрылтайдағы 145 депутаттық мандат партиялар арасында бөлінеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау