USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Құрылтай өз тарихын бастады – Президент сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бүгін Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді.

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Бұл туралы Жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық,  материалдық -техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын", – делінген жарлықта. 

Бүгін, 1 шілдеден бастап Қазақстанда 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді.

Екі палаталы Парламент тарих қойнауына кетіп, оның орнына Құрылтай құрылды. Ол бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша аумақтық пропорционалды өкілдік жүйесімен сайланатын 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – бес жыл. Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны президент ұсынады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау