USD: 479.3 / 481.9
  • EUR: 546.5 / 551.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс – Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлау туралы

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға.

Қазақстанда жаңа Конституцияның заңды күшіне енуіне байланысты жақын арада Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлық қабылданады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент бұл қадамды ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға ретінде бағалап, жаңа Ата заң ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашатынын және саяси партиялар арасындағы бәсекені жандандыратынын қадап айтты.

"Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашады. Осыған орай, мен бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоямын. Соған сәйкес партиялар арасындағы бәсеке де жандана түседі. Біз жасампаз ел ретінде осы саяси науқанды да жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Еліміз "Үкіметтің жасанды интеллектіге дайындық индексіне" сәйкес Орталық Азияда алдыңғы қатарда тұр – президент


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының ел болашағына бейжай қарамай, шешуші сәттерде дұрыс таңдау жасау қабілетін жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, қоғамда жасалып жатқан реформалардың негізгі қозғаушы күші – халықтың өзі. Мемлекет басшысы сайлауға қатысуды елдік істен шет қалмаудың айқын көрінісі деп атап, жұртшылықты алдағы саяси науқанға белсене атсалысуға шақырды.

"Қазақстан халқы – қоғамда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Азаматтармыз елдің ертеңіне бей-жай қарамай, шешуші сәтте таңдау жасауға қабілетті екенін айқын көрсетіп келеді. Бұл – жауапкершілігі жоғары, бірлігі бекем, рухы және мәдениеті биік ұлттарға ғана тән қасиет. Сайлауға қатысу – елдік істен шет қалмау деген сөз. Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз