Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Татьяна Савельева. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Татьяна Савельева. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Бұған депутаттың өзінің өтініші негіз болған.

Бүгін Құрылтайдың кезекті отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісовтің мәлімдеуінше, депутат бұл туралы өзі өтініш берген. 

"Құрылтай Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 4-тармағына және 56-бабының 12) тармақшасына, сондай-ақ Құрылтай Регламентінің 255-тармағына сәйкес Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады", – делінген ресми хабарламада. 

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай оған депутаттық корпус атынан алғыс айтып, жаңа жауапты қызметіне табыс тіледі. 

Татьяна Савельеваның қандай қызмет тізгінін ұстайтыны әзірге белгісіз. 

Еске салайық, Татьяна Савельева Құрылтайға дейін Мәжіліс депутаты қызметін атқарып, Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы болды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау