USD: 484.7 / 488.7
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

ҚМДБ биыл Құрбан айтты ұлттық нақышта өткізді. Фотоайғақ

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Мешіттер маңында киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай еліміздің барлық өңіріндегі мешіттерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі. 

Айтулы мереке аясында мешіт аумақтарында киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған рухани-мәдени бағдарламалар өткізілуде. Сонымен қатар жамағат арасында қазақ халқының салт-дәстүріне сай түрлі ұлттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып жатыр.

Аталған шаралар Құрбан айт мейрамының рухани мәнін кеңінен насихаттаумен қатар, халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтауға, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған.

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты

Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырған болатын.

"Жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда қос ұлық мейрамдарымыз – Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін жеткіздім. Алла қаласа, айт күндері "Құрбан айт – ұлық мереке" тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады. Жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі. Осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз