USD: 465.1 / 467.7
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.41 / 5.53
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

ҚМДБ 2027 жылғы қажылық орындарды алуға байқау жариялады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құжаттар 21 тамызға дейін қабылданады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорларды анықтау үшін жыл сайынғы байқауды жариялады. Үміткерлер құжаттарын 21 тамызға дейін ұсына алады. 

Сауд Арабиясы корольдігі қажылық және ұмра министрлігінің 2027 жылғы қажылық маусымына белгілеген ресми талаптарға сәйкес, әрбір қажылық ұйымдастырушыға (туроператорға) берілетін ең төменгі квота 1000 қажыны құрайды. Осы талап конкурсқа қатысушылар үшін міндетті.

Байқаудың өзге шарттары: 

  • "Қажылық-2027" маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
  • Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР "Туристік қызметі туралы" Заңы 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
  • Мемлекеттік кірістер органынан салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің төленгенін айғақтайтын және осы төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы құжаттың болуы;
  • Қажылықты ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
  • Конкурсқа қатысушының конкурс жарияланған күнге дейін кемінде соңғы он екі ай ішінде Ұмра (кіші қажылық) сапарларын ұйымдастыру бойынша тұрақты қызметті жүзеге асырғанын құжатпен растауға міндетті. 

Қазақстан аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты). 

"Аталған құжаттар 2026 жылғы 11 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2026 жылғы 21 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік оператордың ұсыныстары қаралмайды", – делінген ресми хабарламада.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау