USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Мұсылмандар 25 жыл бойы үлкен қажылыққа жазда бармайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Биыл қажылықтың көктемгі маусымы басталды.

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығы (NCM) 2026 жылдан бастап қажылықтың жаңа маусымдық кезеңі басталғанын хабарлады. Орталықтың мәліметінше, алдағы 25 жыл бойы қажылық жаз айларында өтпейді.

Биылдан бастап келесі сегіз қажылық маусымы көктемде өтеді. Одан кейін сегіз жыл қыс мезгіліне, кейін тағы сегіз жыл күзге сәйкес келеді. Осыдан кейін ғана қажылық біртіндеп қайтадан жаз айларына ауысады.

Инфографика: theislamicinformation.com

Алдын ала мәлімет бойынша, 2026 жылғы қажылық 25-30 мамыр аралығында өтеді. Осылайша, қасиетті сапар ресми түрде көктем мезгіліне сәйкес келеді. Соңғы жылдары қажылар Меккедегі әл-Харам мешіті мен басқа да қасиетті орындарда ауа температурасы 45-47 градус Цельсийге дейін көтерілетін аптап ыстықта құлшылық жасап келген болатын.

Қажылық күндерінің ауысуы исламдағы һижраның ай күнтізбесіне байланысты. Ай күнтізбесі григориан күнтізбесінен шамамен 11 күнге қысқа болғандықтан, қажылық жыл сайын ертерек басталып, шамамен 33 жыл ішінде жылдың барлық мезгілдерін қамтып шығады.

Осыған байланысты Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығы 2050 жылға дейінгі 25 жылдық қажылық күнтізбесін жариялады. Бұл құжат қажылар мен ұйымдастырушыларға ұзақ мерзімді жоспар құруға мүмкіндік береді.

Мамандардың пікірінше, маусымдық өзгеріс егде жастағы адамдар мен денсаулығында кінәраты бар қажылардың физикалық жүктемесін азайтып, адамдар легін басқару, қауіпсіздік пен логистиканы ұйымдастыруды жеңілдетеді.

Дегенмен көктемде де Меккеде ауа райы ыстық болатынын ұмытпаған абзал. Мамыр айының соңында температура жоғары болғанымен, ол жаздың ең ыстық кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда қолайлы болады. Бұған дейін әл-Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінде (әл-Мәсжид ән-Нәбәуи) ауа температурасы 45 градустан жиі асып отырған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау