Қазақстандық квотамен шетелдіктерді қажылыққа апаруға рұқсат жоқ. ҚМДБ туроператорларға ескерту жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстандықтар қажылық сапарға 15 мамырда аттанады.

2026 жылғы қажылық маусымының алдында Қазақстанның қажылық миссиясы ресми туроператорлармен кездесу өткізіп, Сауд Арабиясы тарапынан қойылған жаңа талаптарды түсіндірді.

Негізгі талаптардың бірі – қазақстандық квотамен өзге ел азаматтарын қажылыққа апаруға тыйым салынған. Тәртіп бұзғандарға Қазақстан және Сауд Арабия тарапынан заңды шаралар қолданылады. 

"Биыл қажылықты ұйымдастыруға рұқсат алған 14 отандық туроператор басшылығына Қазақстандық және Сауд Арабия тарапының қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды ескертулері мен талаптары түсіндірілді. Солардың ішінде әрбір қажы Қазақстан аумағынан тек ресми туркодпен шығуы тиіс. Бұл шаралар қажылық арнасында заңсыздықты алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстандық квотамен өзге ел азаматтарын қажылыққа апарғандарға Қазақстан және Сауд Арабия тарапынан заңды шаралар қолданады. Қажылықты тек мемлекеттік лицензиясы мен ҚМДБ рұқсаты бар компаниялар ғана жүзеге асырады", – делінген ҚМДБ ресми хабарламасында

Айта кетейік, биыл 14 туроператорға жалпы саны 4 мың қажылық орны бөлінді. Қазақстандықтар 15 мамыр күні қасиетті сапарға аттанып, 9 маусым елге оралады деп жоспарланған. Биыл қажыларды тасымалдау жұмыстарын қазақстандық Air Astana және SCAT, сондай-ақ Саудиялық Flyadeal әуе компаниялары жүзеге асырады. Ұшу рейстері Қазақстанның Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз