Еліміздің тағы төрт облысында казино ашылады. Бұған дейін тек Бурабай мен Қапшағайда жұмыс істеген ойын орталықтары енді Маңғыстау, Алматы, Жетісу мен Шығыс Қазақстан облыстарында пайда болады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Туризм және спорт министрінің айтуынша, жаңа нысандар шетелдік туристерге арналған. Мәжіліс тиісті заңға өзгерістер енгізіп, казино қызметін кеңейтуге рұқсат берді.
Министрдің сөзінше, әрбір жаңа казинодан жылына бюджетке 2-3 миллиард теңге салық түсіп, шамамен 500 жұмыс орны ашылады. Ал нақты қай жерде салынатынын инфрақұрылымның дайындығына қарай жергілікті әкімдіктер шешеді.
Біз шетелдік туристердің санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік сауалнама жүргіздік, тұрғындардың көбі өз өңірінің аумағында казино ашуға қарсы емес. Туризмді дамыту мақсатында ойын аймақтарын құруға түзетулер қабылданды. Аймақтарды өзіміз анықтаймыз, ал нақты учаскелерді жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады, деді ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
lw-3094948329-1
USD:
512.5 / 519.5
EUR:
595.0 / 605.0
RUB:
6.09 / 6.39