Атмосфераға шығатын ластауыш заттардың жартысынан көбі Павлодар мен Қарағанды облысына тиесілі.
2021 жылы барлық стационар көзінен шығатын ластаушы заттардың көлемі 34,3 млн тоннаны құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3,3% аз. Оның 31,9 млн тоннасы немесе жалпы көлемінің 93 пайызы залалсыздандырылды, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Былтыр атмосфералық ауаға шыққан ластауыш заттардың көлемі 2,4 млн тоннаны құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4% аз.
Атмосфераға шығатын ластауыш заттардың жартысынан көбі Павлодар мен Қарағанды облысына тиесілі: 736,2 мың және 569,7 мың тонна. Мұнымен қатар:
- Атырау облысы – 160,3 мың тонна;
- Қостанай облысы – 137,9 мың тонна;
- Ақтөбе облысы – 137,4 мың тонна;
- Шығыс Қазақстан облысы – 128,1 мың тонна.
2,4 мың тонна ластаушы заттардың 2,1 млн тоннасы өнеркәсіп саласына тиесілі. Ішінде жылу және энергиямен жабдықтау сегментінікі – 945,2 мың тонна. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,1% артық.
Оқи отырыңыз: Алматы ауасындағы бензол үлесі 5 жылда 5 есе артқан
Өңдеуші өнеркәсіп әсерінен ауаға 728,1 мың тонна ластаушы зат шықты. Бұл 2020 жылға қарағанда 6,5% аз. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру кезінде 356,6 мың тонна ластаушы зат ауаға бөлініп шықты. Бір жылда 3,7% өскен.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою кезінде 47,8 мың тонна зат бөлінді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4,3% көп. Бұдан өзге көлік пен қойма саласы ауаға 114,4 мың тонна ластаушы зат бөлді. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 7,9% көп.
Амосфераға шыққан газ тәрізді және сұйық ластаушы заттар көлемі 2021 жылы 79,6% немесе 1,9 млн тонна болды. Олардың ішінде:
- күкіртті ангидрид – 835,4 мың тонна;
- көміртек тотығы – 473,2 мың тонна;
- азот тотығы – 322 мың тонна;
- көмірсутек – 133,2 мың тонна;
- аммиак – 2,8 мың тонна;
- күкіртті сутек – 2,1 мың тонна.
Оқи отырыңыз: IQAir: Локдаун енгізілгелі әлемнің 100 мемлекетінде ауа сапасы 84% жақсарды
Қатты ластаушы заттар шығарындыларының үлесі – 20,4% немесе 491,7 мың тонна. Ал органикалық қосылыстар – 6,1% немесе 146,5 мың тонна.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
314
-
0
-
1
-
-
2😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
310
-
0
-
0
-
-
3😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
312
-
0
-
1
-
-
4🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
292
-
0
-
0
-
-
5🚰🚱 "Дүкеннен сатып аламыз". Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жарты айдан бері ауыз сусыз отыр
-
291
-
0
-
0
-
-
6🇰🇿 Тоқаев: Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше, реформа әлі біткен жоқ
-
292
-
1
-
0
-
-
7👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
277
-
0
-
0
-
-
8👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
263
-
0
-
0
-
-
9🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
262
-
0
-
0
-
-
10🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
284
-
0
-
0
-