Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен 9517 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта азаматтарды эвакуациялау жұмыстары Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясы аумағынан жалғасып жатыр.
Ал Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шаралар аяқталуға жақын.
Министрліктің мәліметінше, өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыста. Қажет болған жағдайда азаматтарға барлық қажет қолдау көрсетіліп жатыр.
USD:
491.5 / 494.3
EUR:
568.0 / 573.0
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…